Адам құқықтары ж. кеңесіне сайлануға байланысты ҚР Омбудсменнің хабарламасы

Қазақстан Республикасының Біріккен Ұлттар Ұйымының Адам құқықтары жөніндегі кеңесіне сайлануы қазақ мемлекетінің тәуелсіздік жылдарындағы адам құқықтарын қорғаудың ұлттық жүйесін дамытуға бағытталған жоспарлы және белсенді жұмысының нәтижесі болып табылады деп санаймын.

Біздің ел көптеген базалық халықаралық құқық қорғау құжаттарына қосылған. Адам құқықтарын қамтамасыз ету үшін нормативтік және институтционалдық база құрылды, ол азаматтық қоғамды дамытуға арналған шартқа тең.

Қазақстан Республикасының Кеңеске қабылдануы халықаралық қоғамдастықтың Қазақстанның гуманитарлық саладағы қызметіне деген оң бағасын көрсетеді. Қазақстанның Адам құқықтары жөніндегі кеңеске мүше болуы БҰҰ қызметіне, оның маңызды құқық қорғау органының шеңберінде өте белсенді қатысуына мүмкіндік береді, халықаралық құқық қорғау қоғамдастығына ықпалдасуды жеделдетеді және осы саладағы оң тәжірибелермен алмасуға жәрдемдеседі.

Сонымен бірге, Кеңеске мүше болу әрбір азаматқа, оған Конституциямен және заңдарымен кепіл берілген құқықтарын одан әрі тиімді іске асыруды қамтамасыз ету жөніндегі тағы бір зор жауапкершілігін көздейді.

Жоғарыда айтылған тұрғыдан алар болсақ, 2002 жылы Қазақстанда Омбудсмен институтының құрылуы мемлекеттің өрлеу жолындағы тұрақты жігерін айғақтайды.

Бүгінгі таңда Омбудсмен Қазақстандағы және шет елдердегі құқық қорғау ұйымдарының көпшілік ортасымен өзара сындарлы іс-қимылдар жасайды. Оның мемлекеттік органдар жүйесіндегі айрықша рөлі, оған еліміздегі адам құқықтары туралы ахуалды теріс пікірсіз, шынайы түрде қалыптастыруға жәрдемдеседі.

2012 жылы Қазақстанның ұлттық құқық қорғау мекемесі БҰҰ Ұлттық құқық қорғау мекемелерінің халықаралық үйлестіру комитетінде тіркеуден табысты өтті. Аталған оқиғаға құқық қорғау тетіктерінің тиімді жұмыс істеуі үшін жағдай жасап отырған мемлекеттің күш-жігерін тану ретінде қараған дұрыс.

Похожие записи

Метки текущей записи:

 
Статья прочитана 92 раз(a).
 

Еще из этой рубрики:

 

Здесь вы можете написать отзыв

* Текст комментария
* Обязательные для заполнения поля

Внимание: все отзывы проходят модерацию.

Последние Твитты

Loading

Архивы

Наши партнеры

Читать нас

Связаться с нами

Наши контакты

Тел.      

Skype  

ICQ       626231