Баспасөз-айғақ. Омбудсмендер дөңгелек үстеліне Қазақстандық Омбудсмен қатысты

12 қарашада Киевте (Украина) Адам құқықтары жөніндегі уәкіл Асқар Шәкіров жақын және алыс шетелдердің омбудсмендерін жинаған «Адам құқықтары саласындағы мүмкіншіліктер мен қарсы шығулар» атты дөңгелек үстелге қатысты. Форум мақсаты – гендерлік теңдікті, мүмкіндіктері шектеулі адамдардың және азшылықтардың құқықтарын қамтамасыз ету, азаптауға қарсы ұлттық алдын алу механизмдерін құру сияқты адам құқықтары мәселелерін талқылау.

Өз сөзінде А. Шәкіров қазақстандық омбудсмен офисі қызметінің негізгі бағыттарын баяндады, сондай-ақ азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қамтамасыз ету бойынша жасалатын, әсіресе Президент Н. Назарбаевтың «Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамына қарай 20 қадам – Қазақстанның әлеуметтік жаңғыртылуы» бағдарламалық құжатын жүзеге асыру тұрғысынан, мемлекеттің іс-әрекеттері туралы хабарлады.

Күн тәртібінде Еуропа мен ТМД елдері бойынша БҰҰ Дамыту Бағдарламасының Өңірлік орталығы әзірлеген «Адам құқықтары ұлттық институттары үшін стратегиялық жоспарлау және коммуникациялар стратегиясы» тренингін өткізу де жоспарланады.

Киевте болуы шеңберінде қазақстандық омбудсмен бұқаралық ақпарат құралдары үшін брифингке қатысты.

Похожие записи

Метки текущей записи:

 
Статья прочитана 181 раз(a).
 

Еще из этой рубрики:

 

Здесь вы можете написать отзыв

* Текст комментария
* Обязательные для заполнения поля

Внимание: все отзывы проходят модерацию.

Последние Твитты

Loading

Архивы

Наши партнеры

Читать нас

Связаться с нами

Наши контакты

Тел.      

Skype  

ICQ       626231