Конференцияда әділ сот ісін қарастырудың халықаралық стандарттарын

2012 жылдың 20 желтоқсанында Алматыда «Қылмыстық және қылмыстық іс жүргізу заңнамасын реформалау жағдайында халықаралық стандарттарды Қазақстан заңнамасына имплементациялау» тақырыбында Халықаралық сараптамалық-тәжірибелік конференция өтеді.

Конференцияда әділ сот ісін қарастырудың халықаралық стандарттарын, білікті заңды көмек алу құқығын қамтамасыз ету стандарттарын, қылмыстық, қылмыстық іс жүргізу туралы ҚР заңнамасын, ҚР-дағы заңды көмек жүйесі туралы заңнаманы модернизациялауға байланысты тұлға құқығының іс жүргізу кепілдігін күшейтуге қатысты халықаралық стандарттарды енгізу туралы кеңінен қамтылған мәселелерді талқылау барысын жалғастыру жоспарланып отыр. Конференцияға қатысушылар Қылмыстық Кодекстің, ҚР Қылмыстық Іс жүргізу Кодексінің, мемлекет кепілдік беретін құқықтық көмек туралы заң жобасының жаңа редакциялары бойынша талқылау жүргізеді.

Конференциаға Бас прокуратура, Жоғарғы Сот, Әділет министрлігі, Ішкі істер министрлігі, адвокатура өкілдері, алдыңғы қатарлы халықаралық және ұлттық сарапшылар, мемлекеттік органдар, академиялық топ, қоғамдық және халықаралық ұйым өкілдері қатысады.

Конференцияны Қазақстандағы Еуропалық Одақтың Өкілдігінің, Астанадағы Нидерланды Корольдігі елшілігінің, Астанадағы Ұлыбритания елшілігінің, Сорос-Қазақстан қорының қолдауымен Адам құқықтары мен заңдылықты сақтау жөніндегі қазақстандық халықаралық бюро, «Адам құқықтары үшін хартия» ҚҚ, MediaNet халықаралық журналистика орталығы ұйымдастырып отыр.

Похожие записи

Метки текущей записи:

 
Статья прочитана 73 раз(a).
 

Еще из этой рубрики:

 

Здесь вы можете написать отзыв

* Текст комментария
* Обязательные для заполнения поля

Внимание: все отзывы проходят модерацию.

Последние Твитты

Loading

Архивы

Наши партнеры

Читать нас

Связаться с нами

Наши контакты

Тел.      

Skype  

ICQ       626231