Астанада мекемелерде балалар құқықтарының мониторингі жөніндегі басшылықтың тұсаукесері өтеді

2013 жылы 26-27 ақпан аралығында Астана қаласында Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкіл, Қазақстандағы БҰҰ Балалар қорының (ЮНИСЕФ) өкілдігі, Норвегия Корольдігінің Қазақстандағы Елшілігі, Орталық Азиядағы Халықаралық түрме реформасы өкілдігі мен Адам құқықтары мен заңдылықты сақтау жөніндегі Қазақстан халықаралық бюросымен арасындағы ынтымақтастық аясында әзірленген халықаралық семинардың шеңберінде Қазақстанда балалар мекемелерінің мониторингі жөнінде материалдар жинағының тұсаукесері өтті.

Семинарға ҚР Парламент Мәжілісінің депутаттары, мемлекеттік органдардың, халықаралық ұйымдардың, барлық аймақтарынан үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері, сондай-ақ бала құқықтарын қорғау саласында жұмыс істейтін белгілі сарапшылар қатысты.

Қатысушалыр мекемелерде балалар құқықтарының мониторингінің халықаралық және ұлттық практикасын қарастырды, елімізде мониторинг механизмін жетілдіру саласында қажеттіліктерді талқыланды, балалардың психологиялық аспектілерді және мониторинг процесінде балалармен тиімді қарым қатынас жасау машықтарымен танысты.

Бүкіл көрсетілген мониторинг инструменттер Астана қаласының Балалар үйінде, Балалар психоневрологиялық медициналық мекемесінде, Кәмелетке толмаған адаптация орталығында апробацияны өтті.

ЮНИСЕФ халықаралық сарапшысы Якоб Дук мырза (Амстердам қаласында кәмелетке толмағандар істері бойынша ұлттық судья, БҰҰ Бала құқықтары жөніндегі комитетінің экс-төрағасы, Гусаков Ю.А. мырза «Қазақстандық адам құқықтары және заңдылықты сақтау жөніндегі бюро» ҚБ Қарағанды филиалының директоры және Тарабукина О.Ю. ханым, балалар психологы-логопед, «Кайсар» ҚҚ төрайымы іс-шараның негізгі баяндамашылары болды.

Случайные записи

Метки текущей записи:

 
Статья прочитана 77 раз(a).
 

Еще из этой рубрики:

 

Здесь вы можете написать отзыв

* Текст комментария
* Обязательные для заполнения поля

Внимание: все отзывы проходят модерацию.

Последние Твитты

Loading

Архивы

Наши партнеры

Читать нас

Связаться с нами

Наши контакты

Тел.      

Skype  

ICQ       626231