Баспасөз-айғақ 2013 жылғы 6 ақпан Астана қ.

2013 жылғы 5 ақпанда Адам құқықтары жөніндегі уәкіл жанындағы әлеуметтік және еңбек салаларында мониторинг жөніндегі жұмыс тобы Қазақстандағы ең ірі металлургия кәсіпорны «АрселорМиттал Темиртау» АҚ барды.

Жұмыс тобының мүшелері кәсіпорындағы жұмыс жағдайларымен, әлеуметтік объектілермен танысты, «АрселорМиттал Темиртау» АҚ басшылығымен, металлургтердің «Жактау» кәсіподақ ұйымымен және жұмысшылармен кездесті. Кездесу барысында жұмысшылар санын қысқарту, әлеуметтік кепілдіктер, кәсіпорында еңбек жөніндегі үлгілі нормативтерді қолдану мәселелері, басқа да ұйымдық-өндірістік мәселелер талқыланды.

Омбудсмен А. Шәкіров еңбек дауларын құқықтық өріс аясында шешудің, әлеуметтік серіктестік қағидаларын сақтаудың, әкімшіліктің кәсіподақ ұйымдарымен сындарлы ынтымақтастығының маңыздылығын атап өтті.

Жұмыс тобының кәсіпорынға бару қорытындылары бойынша әзірлеген ұсыныстары тиісті мемлекеттік органдарға жіберілетін болады.

Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің баспасөз қызметі

Похожие записи

Метки текущей записи:

 
Статья прочитана 72 раз(a).
 

Еще из этой рубрики:

 

Здесь вы можете написать отзыв

* Текст комментария
* Обязательные для заполнения поля

Внимание: все отзывы проходят модерацию.

Последние Твитты

Loading

Архивы

Наши партнеры

Читать нас

Связаться с нами

Наши контакты

Тел.      

Skype  

ICQ       626231