Сыртқы экономикалық қызметке қатысушылардың назарына!

2008 жылғы 25 қаңтардағы «Кеден одағының кедендік шекарасы арқылы өткізілетін тауарлардың кедендік құнын айқындау туралы» келісімнің (23.04.2012 жылы ред.) 4-бабы 1-тармағына сәйкес, кеден одағының кедендік аумағына әкелінетін тауарлардың кедендік құны бұл, тауарларды кеден одағының кедендік аумағына әкету үшін оларды сату кезінде осы тауарлар үшін іс жүзінде төленген немесе төленуге жататын мәміле бағасы болып табылатындығы анықталған.

«Қазақстан Республикасындағы кеден ісі туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 101-бабы 1-тармағына сәйкес, кеден одағының кедендік аумағына әкелінетін тауарлардың кедендік құны бұл, тауарларды кеден одағының кедендік аумағына әкету үшін оларды сату кезінде осы тауарлар үшін іс жүзінде төленген немесе төленуге жататын мәміле бағасы болып табылатындығы анықталған.

Осылайша уақытша әкелу (жіберу) кедендік рәсімі кезінде тауарлардың кедендік құнын, әкелінетін тауарлармен мәмле бағасы бойынша айқындау әдісі, қолданылуға жатпайды.

Мұндай сыртқы экономикалық мәмлелерге мыналар жатады:

ақысыз келісімдер, жекелеп айтсақ, сыйлыққа тарту шарты, ақысыз жеткізілім (мәселен, жарнамалық көрмелік үлгілерді ақысыз жеткізу шарты);

жалға беру шарты;

делдалдық келісімдер, жекелеп айтсақ, олар бойынша тауарлар кеден одағының кедендік аумағына әкету үшін сатылатын делдалдық ақша шарты, консигнация шарты, уәкілдік шарт;

тауарлар не оларға эквивалентті тауарлар, иесіне қайтаруға жататын заем, тауарлық несие шарты;

сараптама, сәйкестікке бағалау (растау) жүргізу (оның ішінде, зерттеу, сынау, тексеру, қасиеттерін және сипаттамаларын байқау және көрсету);

жарғылық капиталға (қор) салым.

Осылайша уақытша әкелу кедендік рәсімінде, шартта сату сатып-алу белгілері жоқ болғандықтан, тиісінше 1-әдіс қолданылмауы қажет.

Бұл жағдайда, кедендік бағалаудың тізіп көрсетілген әдістерінің бірі қолданылады.

Осыған байланысты, сіз кеден заңнамасын бұзушылықты өзіңіз анықтаған жағдайда сізге міндетті түрде, кедендік құнды түзету нысанын ұсыну үшін тауарға кедендік тазарту жүзеге асырылған кеден органына жүгіну қажет.

Похожие записи

 
Статья прочитана 81 раз(a).
 

Еще из этой рубрики:

 

Здесь вы можете написать отзыв

* Текст комментария
* Обязательные для заполнения поля

Внимание: все отзывы проходят модерацию.

Последние Твитты

Loading

Архивы

Наши партнеры

Читать нас

Связаться с нами

Наши контакты

Тел.      

Skype  

ICQ       626231