2013 жылдың 7 сәуірі, жексенбі күні сағат 11:00-де Астана қаласындағы Отан қорғаушылар паркінің Ерлік аллеясында 1995 жылдың 7 сәуірі күні тәжік-ауған шекарасында ерлікпен қаза тапқан Ішкі әскердің

2013 жылдың 7 сәуірі, жексенбі күні сағат 11:00-де Астана қаласындағы Отан қорғаушылар паркінің Ерлік аллеясында 1995 жылдың 7 сәуірі күні тәжік-ауған шекарасында ерлікпен қаза тапқан Ішкі әскердің 17 жауынгерлерінің ерлігіне арналған Ерлік күні іс-шарасы өткізіледі.

Қазақстан Республикасы ІІМ Ішкі әскерлері еліміздің ішкі қауіпсіздігін күзету жөніндегі міндеттерін абыроймен орындап келеді. Ішкі әскерлер қиын кезде Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына кіретін Тәжікстан шекарасын қорғау жөніндегі жауынгерлік қызметтерді де адал атқара білді. 1995 жылдың 7 сәуірі-Ішкі әскерлер тарихына жауынгерлік із қалдырған ерліктің күні болып саналады. Шекара учаскесін күзету кезінде тұтқиылдан тап берген қарулы топқа Ішкі әскердің жеке ротасы қарсы тұрып, қиян-кескі шайқаста 17 жауынгер ерлікпен қаза тапты. Олардың бәрі жауынгерлік ерлігі үшін мемлекеттік наградалармен наградталды.

Елдің атын ер шығарады дейді халқымыз. Қазақстандық жауынгерлердің ерлігін Тәжікстан халқы да біледі, құрмет тұтады. 2007 жылдың желтоқсанында Душанбе қаласында Ерлік монументі ашылып, қаза болған ерлердің есімі қашап жазылды. 2009 жылдың сәуір айында Астана қаласындағы Отан қорғаушылар алаңында Ішкі әскердің 17 жауынгерінің ерлігіне арналып Ерлік аллеясы ашылды. Осы ескерткіш жанында жыл сайын Ішкі әскерлердің жас сарбаздары Отан алдында адал қызмет етуге ант беру рәсімін өткізу дәстүрге айналды.

Қалыптасқан дәстүр бойынша биыл да әскердің барлық бөлімдерінде ерлікпен қаза тапқан сарбаздардың рухына тағзым ету шаралары өтеді. Сәуірдің 7-і күні Ішкі әскерлерде – Тағзым күні деп бекітілген.

Ерлік аллеясы жанында өтетін Ерлік күні шарасына Ішкі істер министрлігінің, Ішкі әскерлер Бас қолбасшылығының, Астана қаласы әкімдігінің, халық калаулылары мен Ішкі әскер ардагерлерінің өкілдері қатысады.

Жиын соңында Астана гарнизонына қарасты Ішкі әскерлердің жеке құрамы, салтанатты сап түзеп, ерлік рухына тағзым етеді.

Бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерін Ерлікке арналған игі шараны қолдауға шақырамыз.

Похожие записи

Метки текущей записи:

 
Статья прочитана 87 раз(a).
 

Еще из этой рубрики:

 

Здесь вы можете написать отзыв

* Текст комментария
* Обязательные для заполнения поля

Внимание: все отзывы проходят модерацию.

Последние Твитты

Loading

Архивы

Наши партнеры

Читать нас

Связаться с нами

Наши контакты

Тел.      

Skype  

ICQ       626231