Бүгін, Алматыда балалар үйінің тәрбиеленушілері арасында футболдан өтетін «Арманыңа жақында!»

атты III Республикалық чемпионаты басталды.

Республикамыздың 10 облысынан 19 команда ойындағы өз шеберліктері мен жеңіске деген талпыныстарын танытып, Қазақстан чемпионы атағы үшін күресетін болады. Жеңімпаз команда Мюнхеннің (Германия) ALLIANZ ARENA стадионына жолдама әрі «Бавария» ФК ойыншыларымен кездесуге мүмкіндік алады.

2013 жылы өткен I Республикалық чемпионаттың жеңімпаз–командасы Есіл қаласындағы №2 балалар үйінің тәрбиеленушілері «Барселона» клубы мен әйгілі “Камп Ноу” стадионын, ал 2014- жылы Миландағы «Миланелло» кешеніне жолдаманы Алматы облыстық №1-балалар үйінің тәрбиеленушілерінен құрылған «Барыс» командасы ұтып алған болатын.

- Бұл біздің ең сүйікті жобамыз. Жыл сайын осы чемпионатқа 300 ге жуық бала қатысады. Балалар үйіндегі командаларды ойынға дайындау үшін біз жыл бойына жаттықтырушылар жалдаймыз. Осы үш жыл ішінде балалар үйіндегі жас футболистеріміз жолдамамен Европаға барып, әйгілі футболистермен кездесудің шынайы екеніне көздері жетті және осы мақсатқа барынша ұмтылуда. Бүгін арманға қарай бір қадам жасалды. Қазақстанның барлық аймақтарында іріктеу кезеңі басталып кетті. Дегенмен, балалардың жол ақысын, жатар орынын қамтамасыз етіп отырған «Цесна Банктің» қатысуынсыз, бұл жобаның жүзеге асуы мүмкін емес еді, – деді баспасөз конференциясында сөз алған Жұлдыз Қажыкенқызы.

– Аталмыш жобаның жүзеге асуына өзіндік үлесімізді қосып отырғанымыз – біз үшін үлкен мәртебе. Балалар біздің болашағымыз. Біздің осы балалардың арасынан ертең талай Мюллерлер топ жарып шығатынына кәміл сенемін, – деді «Цесна банк» АҚ Алматы қаласындағы филиалының директоры Жандос Махашев.

Сонымен қатар, баспасөз отырысы барысында былтырғы жылғы чемпионаттың жеңімпаздары мамыр айының соңында Сочиде өтетін халықаралық чемпионатта Қазақстанның намасын қорғайтындықтары мәлім болды. «Болашақ сенің қолыңда!» атты Бүкілресейлік футбол чемпионатында №1-Алматы облыстық балалар үйінің тәрбиеленушілерінен жасақталған «Барыс» командасы Сочиде РФ барлық облыстарынан, Татарстан Ресбуликасынан, Ингушетиядан, Коми Ресбуликасынан және басқа да көптеген елдерден келген командалармен ойнайтын болады.

Ұйымдастырушылар тағы бір жақсы жаңалықпен бөлісті. Осы үш жыл ішінде «Бауыржан» қорының атына балалар үйіндегі қыз балалардан оларға да арманға қол жеткізуге мүмкіндік берулерін сұрап жазған мыңға жуық хат келіп түскен екен. Сондықтан осы жылдан бастап балалар үйі тәрбиеленушілері арасында волейболдан чемпионат өткізу мәселесі көзделіп отыр. Бұл туралы баспасөз конференциясында «Бауыржан» ҚҚ президенті Жұлдыз Омарбекова хабарлады.

Жылсайын «Арманыңа жақында!» Чемпионаты «Цесна Банк» АҚ, «Нұр Отан» ХДП, ҚР БҒМ балаларды қорғау Комитеті, ҚР Футбол Федерациясының қолдауымен өтіледі. Ұйымдастырушылар спорт арқылы жетім балалардың қоғамға әлеуметтік төселуіне, футбол ойыны арқылы өз күш жігерлеріне сенімділіктерін арттыруға қол ұшын беруді мақсат тұтады.

Похожие записи

Метки текущей записи:

 
Статья прочитана 181 раз(a).
 

Еще из этой рубрики:

 

Здесь вы можете написать отзыв

* Текст комментария
* Обязательные для заполнения поля

Внимание: все отзывы проходят модерацию.

Последние Твитты

Loading

Архивы

Наши партнеры

Читать нас

Связаться с нами

Наши контакты

Тел.      

Skype  

ICQ       626231